Жұма, 14 Ақпан 2020 18:18

ҚАРТТАР МЕН ЖАСТАР ЖАРЫСТЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің активі мен Жастар қанатының өкілдері «Үлкенге құрмет» жобасы аясында жастар мен қарттар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды.

Турнирде Салихадин Тастамбеков, Тұрсын Бакеев, Магомад Токсабаев секілді ақсақалдар өнер көрсетті. Жарыстың ең егде қатысушысы Нұрмахан Шаухаров жуырда ғана 84 жасқа толды. Оларға Жастар қанатының өкілдері Диана Әбдіғаппар, Дильфуза Мамедова, Эльмира Сайлыбаева және Жасұлан Пернеқұл қарсылас атанды.

Ақсақалдар жарысқа жақсы дайындықпен келіпті. Жастар да қарап қалмады. Турнир үш турдан тұрды. Ал жамбылдық коммунистер жарыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасады. Қатысушылар үшін ыстық шай мен тәтті тағамдар арнайы әзірленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті турнирге «Коммунист Казахстана» журналын да ала келген болатын. Ардагерлер партиялық басылымды үзбей оқиды екен. Турнирге қатысушылар жарысты ұйымдастырған облыстық комитеттің активіне алғыс айтты. 

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

WhatsApp Image 2020 02 12 at 13.09.50WhatsApp Image 2020 02 12 at 13.09.50WhatsApp Image 2020 02 12 at 13.09.50WhatsApp Image 2020 02 12 at 13.09.50WhatsApp Image 2020 02 12 at 13.09.50WhatsApp Image 2020 02 12 at 13.09.50

Please publish modules in offcanvas position.