Жұма, 14 Ақпан 2020 18:22

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Гладченконы туған күнімен құттықтады. Ардагер 97 жасқа толды.

Ардагер мен қызы Наталья арнайы келген қонақтарды қуанышпен қарсы алды. Коммунистер туған күн иесіне қаржылай сыйлық жасады.

Михаил Петрович дастархан үстінде өз өмірі туралы әңгімелеп берді. Коммунистік партияға қалай қабылданғаны жайлы баяндады. Сондай-ақ соғыс туралы жүрек тебірентер әңгімелер айтты. Соғыстан кейінгі өмірі жайлы да сөз қозғады. Темір жол саласында еңбек еткенін жеткізді.

– Ажалмен бетпе-бет келген сәттер көп болды. Бірақ көрер жарығым бар екен. Бүгінгі күнге дейін ғұмыр кешіп келемін, – дейді ардагер.

Михаил Петрович қазақ тілінде жақсы сөйлейді. Әңгіме барысында қазақша қосып, тыңдаушыларын тіпті баурай түседі.

– Ұзақ жылдар бойы Луговой ауданында, қазақтардың ортасында тұрдым. Жергілікті тұрғындар арасында сыйлы, құрметті болдық. Ол кезде механизатор болып жұмыс істеген едім, – деді ол.

Жамбыл облыстық комитетінің коммунистері ардагерге алдағы уақытта тағы да келуге уәде берді. Ал ардагер қонақтарды әсіресе, 9 мамыр Жеңіс күні тағатсыздана күтетінін айтты.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті

20200210 17021920200210 17021920200210 17021920200210 17021920200210 170219

Please publish modules in offcanvas position.