Бейсенбі, 03 Қазан 2019 09:53

ЗАҢ НЕГЕ СОЛҚЫЛДАҚ?

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан заңдары неліктен дұрыс жұмыс істемейді? «Халық коммунистері» Мәжілістің пленарлық отырысында заң шығару саласындағы жағдайды талқылап көрді.

ҚКХП атынан сайланған депутат Тұрғын Сыздықов отандық нормативтік құқықтық актілердің қателіктері мен жетпейтін тұстарын нақты көрсетіп берді. Ол әр сөзін нақты мысалдармен тұздықтап отырды.

– Заңның сапасы әзірлеушілердің Парламентке ұсынған жобаларының сапасына тікелей байланысты деп есептейміз, – деді коммунист.

Халық қалаулысы мобилизация мәселелері бойынша қабылданған құжатты еске түсірді. Аталған құжат бойынша жүргізілген жұмыстар барысында қандай да бір себептермен мобилизация қажеттіліктеріне арналған астықты мемлекеттік резервтің тізімінен шығарып тастады. Мобилизация қажеттіліктеріне арналған астық бұған дейін «Астық туралы» заңнан да алынып қалып еді. Аталған факт парламент мүшелерінің ойын сан саққа жүгіртті. Өкінішке қарай, алда-жалда елде қиын жағдай орын алатын болса, біз сенім артаттын жалғыз ғана отандық өнім бар. Ол – астық.  Алайда, процесс басталып кетті. Аталған мәселені реттейтін заңнамалық актілер жойылды. 

Депутаттар бюджеттік жобалардың сапасына қатысты да көп сын айтады. Соның ішінде жақында ғана таныстырылған 2020-22 жылдарға арналған бюджетке қатысты көп ескертпелер айтылды.

– Көп нақтылау жасаймыз. Мұның бәрі жоспарланған жобаларды дұрыс қаржыландырмауды, қағаз күйінде тұрған жобаларға миллиардтаған доллар бөлуді, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы сәтсіздіктер біз айтып отырған сынның объективтілігін растайды. Өкінішке қарай, мұндай кемшіліктерді ары қарай да санамалап беруге болады, – деді Тұрғын Сыздықов.

Сондай-ақ, кейде заң жақсы болса да, оны реттейтін ережелер аяққа тұсау салатын кездер болады.

– Ауылдық тауар өндірушілер заңдар мен нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған субсидиялардан үміттеніп шаршады. Тиісті министрлік өз ережелері бойынша ауыл тұрғындарының мемлекеттік қолдаудың маңызды нормасына деген сеніміне селкеу түсіріп, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға кедергілер келтірді, – деп атап өтті халықтық коммунист.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған, депутаттар да, жұртшылық та мақұлдаған «Кооператив туралы» заңға да осындай кедергілер кері әсер етті. Жеке шаруа қожалықтарын біріктіруге, ауылдағы азық-түлік қауіпсіздігі сақтауға және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған қажетті және пайдалы құжат толық әлеуетімен ешқашан жұмыс істеген емес.

– Заң қабылданғаннан кейін бірден құрылған көптеген кооперативтер тарап тынды. Өйткені олар мемлекеттің қолдауын күтіп шаршады. Мұның бәрі олигархиялық жерге иелік етуді сақтау схемаларын жасау саясаты жалғасып келеді-ау деген ойға жетелейді. Өйткені, өзгерген ештеңе жоқ. Тек иелері ғана ауысқан, – деді Тұрғын Сыздықов.

Үкімет мүшелерінің пікірінше, бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан парламентшілердің тамаша бастамалары да көп жағдайда жүзеге аспайды. Кейде мұндай «ептіліктің» өзі жарға тірейтін сәттер аз емес.

– Арыс қаласынжда орын алған трагедия сабақтары үнемдеудің әрдайым үнемді бола бермейтіндігін көрсетіп берді. Бұл жерде әскерилердің кінәсі анықталды. Бірақ біздің ойымызша, кінәлілердің қатарында өте қауіпті жұмыс аймағын кезең-кезеңімен қаржыландырмаған тиісті адамдар тұруы керек. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай үнемдеу бастапқы сұраныстармен, моральдық шығындармен, тіпті адам шығындарымен салыстыруға келмейтін өте үлкен шығындарға айналады, – деді халықтық коммунист.

Көбінесе депутаттар ұсынған заң жобалары Үкімет қорытындысы бойынша «тұжырымдамаға сәйкес келмегендіктен» қабылданбайды. Коммунист бұл тұжырымдаманың басымдықтарын қайта қарастыратын кез келді деп есептейді. Сонымен қатар, бұл процеске депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысуы керек деп санайды. Сондай-ақ, ол қабылданған заңдардың сапасы статистикалық мәліметтердің сапасына тікелей байланысты екенін түсіндірді. Ал біздің статистикамыздың сиқырлығы күшті екенін ескерсек, бұған түсініктеме беріп жатудың өзі артық.

«Халық коммунистері» депутаттық сауалды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминге жолдады.

Маргарита Никитина    

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.