Дүйсенбі, 07 Қазан 2019 17:06

ЖЕТІМНІҢ АҚЫСЫН ЖЕМЕҢДЕР

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» үнемі жетімдердің мүддесін қорғайды. Дүйсенбі күні өткен Үкімет сағатында ҚКХП депутаты Тұрғын Сыздықов қазақстандық жетімдер өздеріне тиесілі баспаналарын ала алмай жүргеніне қынжылыс білдірді.

Коммунист «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттен баспана алуға құқығы бар екенін және мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Пайдалануға берілетін пәтерлердің кем дегенде 20-25 пайызы осы санатқа жататындарға бөлінуі керек. Алайда жетім балаларға сапасыз пәтерлер үлестірілуде. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысындағы жағдай сын көтермей тұр.

– Осылайша жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылады. Бұл бір. Екіншіден, әкімдіктер жоғарыда аталған заңда қарастырылған норманы сақтамайды. Жетім балаларды баспанамен қамту көрсеткіші неге төмен? Оларды баспанамен қамту үшін қандай шараларды қолға алмақсыздар? – деді Тұрғын Сыздықов елорда мен Қарағанды облысы әкімдіктерінің өкілдеріне қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ мәжілісмен Қарағанды облысының басшысына хат жолдап, мәселені шешуді сұрады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов жетім балаларға міндетті түрде баспана бөлінеді деп уәде берді. Осы орайда шенеунік неліктен жетімдер барлық мемлекеттік тұрғын үйдің 4/1-іне ие болудың орнына, небары 8-10 пайызын ғана алады деген сұрақты жылы жауып қоя салды.

– Әрине, біз мәселені түбегейлі шеше алмаймыз. Сондай-ақ алдағы бес жылға арналған жоспарымыз бар. Онда халықтың әлеуметтік топтарына қатысты баспана мәселесін түбегейлі шешу жоспарланған. Қала бойынша 40 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Оның 4 мыңнан астамы жетім балалар, – деді қала әкімінің орынбасары.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағамбет Бөлекпаев тұрғын үй кезегінде тұрған адам көп, ал қаржы жетіспейді деген уәжді алға тартты. Айтуынша, келер жылғы жағдай әзірше дәл осылай қалыптасып отыр.

– Мәселені бақылауға алып, шешеміз, – деп уәде берді ол.

Палатаның вице-спикері Владимир Божко әкімдіктердің неліктен бұған дейін мәселені шешуге дұрыс көңіл аудармағанын, заң талаптары неге сақталмағанын сұрады.

– Жетім балалар өз кезектерін күтіп жүр. Оларға баспанасыз жүру қиын екені анық. Сонда сіздер жетім балаларды қасақана айналып кетіп жүрсіздер ғой. Ал баспананы шу көтеріп, ылаң салғандарға ғана үлестіріп отырсыздар. Бұл әділдік емес, – деді вице-спикер.

Парламент өкілдері бұл мәселені өз тарапынан бақылауға алуға уәде берді.

Маргарита Никитина

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.