Сейсенбі, 08 Қазан 2019 09:28

БАСПАНАҢ БОЛСА БАСЫҢДА...

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының мүшелері Қазақстандағы тұралап тұрған тұрғын үй мәселесін талдап, саладағы дағдарысты еңсерудің тиімді тәсілдерін ұсынды.

ҚКХП депутаты Владислав Косарев  әріптестеріне тұрғын үй мәселесін үнемі депутаттық корпустың назарында ұстауға кеңес берді.

– Бұл әбден ушыққан, күрделі мәселе. Оны бақылаусыз қалдыруға болмайды, – деді коммунист.

Халық қалаулысы мәселенің бәрі құрылыс дағдарысынан басталып отыр деп есептейді. Өйткені 2001-2015 жылдар аралығында республиканың құрылыс жұмыстары аса қарқын алған жоқ. Оның үстіне көпқабатты пәтерлердің біраз бөлігі шағын және орта бизнестің қолына өтіп, дүкендер, дәріханалар мен шаштараздар үшін қолданылды. Мұндай саясаттың нәтижесі қазір көзге ұрынып тұр.

– Тұрғын үй құрылысы саласындағы осы бір кідіріс, жағдайды ушықтырып жібергендей. Қазір 650 мыңдай пәтер жетіспейді. Бүгінде 500 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр және бұл көрсеткіштің одан әрі ұлғая беретіні даусыз. Өйткені пәтерге мұқтаждар қай кезде де болған және бола береді де, – деді Владислав Косарев.

Бүгінде ел тұрғындарының басым бөлігіне жеке пәтер арман күйінде қалып отыр.

– Әрбір тұрғын баспаналы болуы керек. Біз бұл мәселеге осы тұрғыдан қарауға тиіспіз. Ал арендалық пәтерлер бұл мәселені түбегейлі шешпейді, – деді коммунист.

Депутат ұсынымдарға адамның жеке баспана алуға құқығы болуы керектегі туралы жеке параграф енгізуді ұсынды. Бұл ретте халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің көмегін мейлінше пайдалану қажет.

Мәжілісменнің айтуынша, қарапайым тұрғынға қарағанда, жұмыс берушілерге несие алу немесе тұрғын үй бағдарламасын пайдалану оңайырақ болады.

– Біз ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысына жіті көңіл бөліп отырмағанымызды айтқым келеді. Ел ішінде 6 мың ауылды жауып тастау керектігі туралы мәселе көтеріп жүрген «ақылдылар» бар. Меніңше бұл босаған жерлерге қол жеткізуді көздеп отырғандардың амалы, – деді халық қалаулысы. 

Коммунистің айтуынша, ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері банктерге кепілдікке қойылмай, керісінше өңделіп, пайдаға жаратылуы керек. Осы орайда республика халқының жартысына жуығы ауылда тұратынын ескерген абзал. Ал диқандар жерді өңдеуі үшін оларға ең алдымен жайлы да ыңғайлы жеке үй керек. Мұндай үйлерді қазіргі заманауи технологиялардың көмегімен еш қиындықсыз салуға болады.

Депутаттың пікірінше, ауылды таратып, ту-талақайын шығарудың қажеті жоқ. Қайта ауылды дамыту керек. Сонда шектен шығып бара жатқан урбанизация мәселесі өздігінен-ақ шешіледі.

Маргарита Никитина

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.