Сәрсенбі, 09 Қазан 2019 09:36

ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТЫҚ «ҚОҚЫСТАН» ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстандықтар жаңа ғасырдың жаңа қаруы – ақпараттық қарудың алдында дәрменсіз күйде. Бұл ҚКХП ОК хатшысы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың пікірі.

«... Қазіргі адамдар гибридтік соғыстың нақты эпицентрінде күн кешіп отырғанын түсінуі керек. Жаһандану, цифрландыру және ақпараттың еркін ағыны ғасырында оның ақпараттық компоненті экономикалық және әскери компоненттерге қарағанда маңызды бола бастады...», – деп жазды Айқын Қоңыров Facebook-тегі жеке парақшасына.

Оның пікірінше, ақпаратттық соғыстың негізгі құралы – жалған мақалалар. Жаңалықтар, аналитикалық материалдар, тарихи экскурсиялар, жеке адамдардың жүректі елжіретер оқиғалары бәрі-бәрі осыған жатады. Бір қызығы, мұның бәрін кәсіби мамандар жазады және олар нақты бір мақсатпен, сондай-ақ бұған қатысты қандай реакция боларын біліп жазады.

«Қарапайым адам мұның бәрін қарапайым қабылдайды. Яғни әлеуметтік желідегі досым ол да мен секілді адам. Демек ресми БАҚ-тар мен мемлекетке қарағанда, оған сенуге болады деп ойлайды», – дейді коммунист.

Біз қулықтың нәтижесін де анық көре аламыз. «Түрлі түсті революцияларды» «твиттерлік» деп атауы да бекер емес қой. Бұл ретте біздің жағдайымыз қаншалықты қиын немесе қоғамды түрлі ресурстар арқылы басқару процесі қайтымсыз екенін білу ғана қалады.

«... Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, мемлекет шетелдік танымал ресурстар арқылы таралатын жағымсыз әрі жалған ақпараттарға саяси немесе техникалық тұрғыдан төтеп беруге дайын емес. Демек сананы улау процесі жалғаса береді. Механизм тақ-тұқ етіп, жұмыс істеп тұр. Егер олардың саны көбейетін болса, ертең кімнің ақ, кімнің қара екенін солар шешетін болады...», – дейді Айқын Қоңыров.

Өзгенің қолшоқпарына айналмас үшін ақпараттық экспансиямен қалай күресуге болады? Мұндай жағдайда өз азаматтарын қорғау үшін мемлекет не істеуі керек?

– Біріншіден, осының бәрінен түйін шығаруымыз керек және ол атүсті шығарылған тұжырым болмауға тиіс. Шыны керек, қазіргі кезде мемлекет ақпараттық кеңістікті басқаруға қабілетті емес. Шетелдік әлеуметтік желілер, шетелдік хостингтер... Бұлардың бәрі Қазақстанның құзыретінен тыс. Тиісінше, мемлекет оған қарсы тұрудың нақты бағдарламасын қабылдауы керек, – дейді Мәжіліс депутаты.

Өкінішке қарай, біздің елде ақпараттық ортадағы заңдылықты бақылауға жасалған кез-келген әрекет теріс қабылданады. Бірден цензура мен пікір еркіндігін бұзу туралы айғай-шу басталады. Соңында тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы адамдарды қажетті жолға сілтей аласыз. Бұл жұмысты бір-екі апта ішінде әдістемелік және кәсіби түрде жасауға мүмкіндік бар.

– Барлық жалған шабуылдар, жаңалықтар негізінен елдердегі экономикалық және саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған. Яғни «кибер қалқан» деген ұғым сананың бір түкпірінде жатыр. Бірақ мен қазіргі уақытта мемлекетке, жалпы қоғамға нақты зиян келтіретін жүйеге қарсы қадамды көріп тұрған жоқпын, – дейді коммунист.

Мұнымен күресудің тағы бір жолы бар. Бірақ өте ауыр жол. Ол – әлеуметтік желілерге балама болатын өз алаңдарымызды құру. Бірақ ол шетелдіктермен салыстырғанда әлдеқайда қызықты әрі тартымды болуы керек.

– Адамдар әлеуметтік желілерде ашық әңгімелесуді әдетке айналдырған. Мұны да санадан сызып тастауға болмайды, – дейді Айқын Қоңыров.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.