Сәрсенбі, 09 Қазан 2019 13:47

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша «Халық коммунистері» фракциясы жетекшісінің баяндамасы

Оцените материал
(1 Голосовать)

Құрметті  Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті әріптестер!

Биылғы жылы республикалық бюджетті нақтылаудың ерекшелігі Қазақстан Республикасы Президентінің «КОНСТРУКТИВТІ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ГҮЛДЕНУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын іске асыру қажеттілігі болып табылады.

Табыс бөлімінен бастайық. Ол акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер есебінен 50 млрд теңгеге артқан. Коммунистер түсімнің осы қайнар көзін пайдалануды бірнеше рет талап еткен болатын. Бұл барлық мүмкіндік емес, қажетті потенциал жеткілікті.

Сондай-ақ табыс теңгенің бәсеңдеуімен қатар экспорттық бағаның өсуі жағдайында мұнайға экспорттық баж салығының артуы есебінен өсті. Өкінішке қарай, біз шикізаттық емес салаларды ынталандырудан нәтиже көріп отырған жоқпыз.

Жолдауда ел бюджеті экономиканың дамуы мен әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты негізгі екі мақсатқа бағытталуы тиіс деп айтылған.

Біз әлеуметтік саланы дамыту үшін шығын көлемін 6,7 млрд теңгеге арттыруды қолдаймыз. Бұл биылдың өзінде Президенттің қойған міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Учаскелік комиссия құрамын нығайту мен  АӘК тағайындау және төлеу ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар қабылданған соң мемлекеттік көмекті шынымен мұқтаж адамдар алатынына сенім білдіреміз. Өкілетті орган мен әкімдіктерге бюджеттік қаражатты игеруді қатаң бақылауда ұстау тәжірибесін жалғастыру қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар экономиканың өсуіне байланысты жәрдемақыға  мұқтаждықтың арту себебін анықтау сияқты мәселемен айналысу қажет. Нақтылауды есепке алғанда АӘК жалпы көлемі 222,9 млрд теңгеге жетеді. Бұл қаражат азаматтардың табыс тапшылығын толтырып отырады. АӘК ауқымы мен оны алатындардың саны кедейшіліктің ауқымын көрсетіп, бұған дейін статистиканың бұрмаланғанын айқындады. Сонымен қатар бұл сапалы тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Қаражатты жәрдемақы, яғни төмен табыс салдарымен күреске ғана емес, төмен жалақы, кәсіпкерліктегі төмен белсенділік, жұмыспен қамту  бағдарламасын іске асырудағы көзбояушылық сияқты жүйелі себептерді жоюға бағыттау қажет.

АӘК бағдарламасы мұқтаж адамдардың шынайы санын анықтауға көмектесті. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық саясатта жаңа тәсілдерді талап етеді. Экономикадағы ауқымды мемлекеттік инвестициялар мен кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтуды кеңейту бағдарламаларына қарамастан халықтың табысы артып отырған жоқ.

Нақтыланған бюджет жобасында Жамбыл облысы халқының табысын арттыру бойынша сынамалы жобаға 7,2 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл бағытты қолдаймыз. Бірақ несие және шағын несие саятының іске асырылу механизмдеріне қатысты сұрақтар бар. Мұны сынамалы шешім деп айту қиын, себебі шағын шаруашылықтарды, мал шаруашылығын қаржыландыру схемасы сияқты шағын несиелеу бұрыннан бар тәжірибеде. Үкімет талдауларға сүйене отырып, мұның халық табысын арттыратын жұмыс істейтін құрал екенін көрсете ала ма? 

Бұл бір реттік шараға ұқсайды, себебі жеке үй шаруашылықтарының тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шара ұсынылмаған. Медициналық көмек көрсету мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жалғастыру  шығынын арттыруға қолдау көрсету маңызды деп санаймыз. Азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруға басымдық берілуі тиіс, ал медицина бұл өмірлік маңызы бар сала. 

Коммунистер  азаматтарды баспанамен қамту басты міндет деп санайды, сондықтан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  42 млрд теңге көлемінде бюджеттік несиелеу шығынын мақұлдайды. Бұл шамамен 1700 отбасыға жыл соңына дейін баспаналы болуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік банктің белсенді және сәтті қызметі коммунистердің мемлекеттік басқару мен жоспарлау кез келген саладағы дағдарысқа төтеп бере алады деген тезисін анықтап отыр.

Ерекше бап бұл – өнеркәсіпті қолдау. Біздің фракция бұл сала экономиканың негізі екенін үнемі айтып келеді. Сондықтан бұл сала ерекше жағдайды талап етеді. 

Нақтыланған бюджет жобасы аясында өңдеуші өнеркәсіпті, соның ішінде машина құрылысын дамытуға бөлінетін қаражатты қолдаймыз.

Дегенмен бұл шығын жыртыққа жамау болып табылатынын атап өтпеуге болмайды.

Өнеркәсіптік өндірісті дамыту жоспарлы түрде іске асырылуы тиіс. Бұл шаралар неліктен индустриаландыру және салалық жоспар бағдарламасы аясында қабылданбады? Көмек ішінара көрсетіліп, бәсекеге қабілетті индустрияны қалыптастыру бойынша ұзақмерзімді жұмысты алмастыратын ат үсті жағдайдағы жұмыс.

«Халық коммунистері» фракциясы Үкімет әлеуметтік сала мен экономиканың шынайы секторын қолдауға жүйелі әдіс қажет екеніне назар аударуы тиіс, ал заң жобасы мақұлдануы тиіс деп санайды.

Назарларыңызға рахмет!

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.