Сәрсенбі, 09 Қазан 2019 17:14

ЖҰМЫСТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясы Үкіметті жүйелі жұмыс істеуге шақырды. Мәжілістің пленарлық отырысында республикалық бюджетке түзету енгізу мәселесі талқыланды.

Отырыста сөз алған «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі, ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров қабылданғалы жатқан құжаттың артықшылығы мен кемшілігін атап көрсетті.

Әлеуметтік саланы дамытуға бөлінген қаржыны 6,7 млрд теңгеге ұлғайту құжаттың артықшылығы десе болады. Алайда Айқын Қоңыров мемлекеттік көмекті шынымен мұқтаж адамдар алуы керектігін ескертті.

Коммунистің пікірінше, экономиканың өсуіне байланысты жәрдемақыға мұқтаждықтың арту себебін анықтау сияқты мәселемен айналысу қажет. Яғни төмен жалақы, кәсіпкерліктегі төмен белсенділік, жұмыспен қамту бағдарламасын іске асырудағы көзбояушылық сияқты жүйелі себептерді жоюмен айналысу керек.

Сондай-ақ коммунистер  азаматтарды баспанамен қамту басты міндет деп санайды. Сондықтан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 42 млрд теңге көлемінде бюджеттік несиелеу шығынын мақұлдайды.

– Мемлекеттік банктің белсенді және сәтті қызметі коммунистердің мемлекеттік басқару мен жоспарлау кез келген саладағы дағдарысқа төтеп бере алады деген тезисін анықтап отыр, – деп толықтырды Айқын Қоңыров.

Коммунистер отандық өнеркәсіпті қолдауға қаржы бөлу бастамасын да қолдады. Дегенмен ескерту жасап, ұсыныс білдірді. 

– Дегенмен бұл шығын жыртыққа жамау болып табылатынын атап өтпеуге болмайды. Өнеркәсіптік өндірісті дамыту жоспарлы түрде іске асырылуға  тиіс. Бұл көмек ішінара көрсетілгендіктен, бәсекеге қабілетті индустрияны қалыптастыру бойынша ұзақмерзімді жұмысты алмастыратын ат үсті жағдайдағы жұмыс болып саналады, – деді фракция жетекшісі.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.