Дүйсенбі, 04 Қараша 2019 09:32

ҚАРТТЫҚ ЕШКІМДІ ҚАМЫҚТЫРМАУЫ КЕРЕК

Оцените материал
(0 голосов)

Қарттық шақ алаңсыз өтуі тиіс. «Халық коммунистері» қазақстандық зейнеткерлердің құқықтары мен жеңілдіктерін реттейін арнайы заң әзірлеуді ұсынды.  

Дәл қазіргі уақытта қазақстандық қарттар әлеуметтік теңсіздікпен бетпе-бет келіп отыр. Мәжілістің пленарлық отырысында ҚКХП депутаты Жамбыл Ахметбеков осыған қатысты нақты мысал келтірді.

– Қарт адамдарға санаторий-курорттық емдеу, дәрі-дәрмек және басқа да жеңілдік беру нысандары әртүрлі. Мәселен Қазақстанның бірқатар аймақтарында қоғамдық көлікте тегін жүру үшін әртүрлі жеңілдік қарастырылған, – деді коммунист.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандарға тегін жүру құқығы берілген. Ал Қызылордада 70 жастан асқан зейнеткерлерге ғана қоғамдық көлікте 50% жеңілдік қарастырылған.
– Сол сияқты өңірлерде санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету реттелмеген. Осыған байланысты егде жастағы адамдардың еліміздің аймақтарындағы, сондай-ақ қалалық және ауылдық жерлердегі бірдей қызметтерге ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет, – деді мәжілісмен.

Егде жастағы адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы да дұрыс ұйымдастырылмаған.

– Әдетте жылдың басында уақтылы қаржыландырылмағандықтан, дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Сонымен қатар көбінесе жеңілдетілген дәрі-дәрмек арзан. Сондықтан ол мұқтаждардың бәріне бірдей жете бермейді, – деді халық қалаулысы.

Осы орайда коммунистер азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтары дәрі-дәрмекті төмен бағамен сатып алатын әлеуметтік дәріханаларды дамыту мәселесін қарастыруды ұсынып отыр. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктерді де бірізге түсірген жөн.

– Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтарын белгілеп берген. Бұл нормалар көптеген заңнамалық актілерде кездеседі. Заңнаманың шашыраңқылығы егде жастағы адамдарды жеткілікті түрде қорғамайды және олардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етпейді, – деді Жамбыл Ахметбеков.

«Халық коммунистері» «Қарт адамдардың құқықтарын қорғау туралы» заңды әзірлеу қажет деп есептейді. Аталған заң құқықтар мен жеңілдіктерді біріктіретін, реттейтін біртұтас құжат болады. Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір сүру» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау ұсынылды. Бағдарлама бөлек қаржыландырылуы керек. Ол қазақстандық қарттарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.