Сейсенбі, 05 Қараша 2019 09:58

ЕЛІМІЗДЕ ЕРІКТІЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛМАҒАН

Оцените материал
(0 голосов)

Биылғы Жастар жылын енді Еріктілер жылы алмастырады. Ол қазақстандық еріктілерге қандай да бір жетістік әкеле ме? Бұл туралы айтуға әлі ертерек. Осы және өзге де мәселелер Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен Мәжілісте өткен Үкімет сағатында талқыланды.

ҚКХП депутаты Ирина Смирнова ерікті болуды әлеуметтік лифт ретінде қарастыруды ұсынды. Ол шенеуніктерге еріктілерді қолдау бүкіл әлемде кеңінен таралғанын еске салды. Мәселен, Америка, Канада және Еуропа жоғары оқу орындарына қабылдар кезде ерікті болған мүмкіндіктерше ерекше жағдай жасалады. Еріктілерге мемлекеттік қызметке, полицияға, әскерге жұмысқа орналасу оңайырақ болады.

– Біздің елде жағдай басқаша. Өзге дүниелерге басымдық берілген. Сондай-ақ бұл басымдықтар еріктілер қызметін ынталандыра алмайды. Жоғары оқу орындарына түсуде, мемлекеттік грант бөлуде, шетелге оқуға түсуде ешқандай жеңілдік қарастырылмаған, – деді Ирина Смирнова.

Дәурен Абаев Еріктілер жылынан кейін министрлік жағдайды бағамдап, Парламентке нақты бастамалар енгізетінін айтты.

– Иә, АҚШ-та жоғары балл алған адамның оқуға түсуге толық мүмкіндігі бар деген әңгіме жоқ. Ол жақта оқуға түсер кезде түлектің  қоғамдық белсенділігіне, спорттағы жетістіктеріне назар аударылады. Біз де осыған келе жатырмыз, – деді Дәурен Абаев.

Батыс елдерінде мұндай құндылықтар туған сәттен бастап әспеттеледі. Ал біз әзірше армандаумен ғана шектеліп отырмыз. Осы орайда Дәурен Абаев білім беру саласы бойынша арнайы еріктілер жобаларын құруды ұсынды. Жоғары оқу орындарының студенттері ерікті түрде ауылдарды аралап, жергілікті талантты жастарды жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды.

– Біздің елдегі жағдай мен шетелдегі ахуалды салыстыруға болмайды. Бізге еріктілердің қызметін екшеп алу үшін нақты критерий қажет, – деді министр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері «ерікті болуды» әлеуметтік лифт ретінде қарастыруды құптады. Мемлекеттік құрылымдар мен жоғары оқу орындарына түскен кезде еріктілерге заң бойынша басымдық берілуі керек

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.