Сейсенбі, 19 Қараша 2019 10:43

ГЕНДЕРЛІК БЮДЖЕТ ҚҰРУ ҚАЖЕТ

Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекеттік қызметтегі ер-азаматтар бюджеттің гендерлік аспектілері туралы екіұдай пікірде. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың қатысуымен өткен Үкімет сағатында белгілі болды.

Бюджетті гендерлік тұрғыдан қалыптастыру туралы мәселені Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова көтерді. Коммунист мұндай көзқарас әділ бюджеттік саясатты қамтамасыз ететінін және әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті барынша төмендетуге үлес қосатынын атап өтті. Бұл сонымен қатар бюджеттің ашықтығын арттырады, қызметтердің есептілігі мен мақсаттылығын күшейтеді және тұтастай алғанда қаржыны тиімді пайдалануға әкеледі.

– Барлық төрт деңгейдегі бюджеттің гендерлік аспектісіне қалай қарайсыз? – деп сұрады депутат министрден. – Біздің елде бюджетті құруда гендерге бағдарланған тәсілдің мысалы бар ма?

Мұндай сұрақ ең алдымен Мәжілістің вице-спикері Владимир Божконы таң қалдырды.

– Гендерлік тәсіл дегеніміз не? – деп сұрады ол залда отырған депутат әйелдерден. – Бұл жаңа дүние екен. Бәлкім, министр жауап беріп көрер.

Руслан Дәленов бюджетті қалыптастырудағы гендерлік көзқарастың жағымды екенін мақұлдауға асықты. Бұл Мәжілістегі ер адамдардың күлкісін тудырды.

– Халықаралық ұйымдар бізден дәл осы бағытта жұмыс істейді, – деп түсіндірді министр. – Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде мұндай бағыт бар. Оларда гендерлік бюджеттеудің дамып кеткені соншалық, арнайы рейтинг жасалады.

Руслан Дәленов 4 деңгейлі бюджет үшін бұл мәселе әлі талқыланбағанын жеткізді және өзі басқарып отырған ведомстваның бұған дайын екенін жеткізді.

– Гендерлік бюджет құру тек осы санатқа жұмсалатын шығындарды ғана емес, сонымен бірге оған қатысуды да қамтиды, – деп нақтылады министр.

Министр Азия Даму Банкі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бірлескен жобасы туралы айтты. Ол «Әйелдерге арналған ипотека» деп аталады. Бұл – төмен пайыздық мөлшерлемелермен тек әйелдерге ғана берілетін жеңілдетілген несиелер.

– Қазір мұндай жобалар кеңінен таралуда. Гендерлік бюджеттеу – өте өзекті мәселе. Біз оны дамытамыз, – деді министр.

Алайда депутат И. Смирнова министрдің айтқанына сенімсіздік танытты. Ол «гендер» және «әйел» ұғымдарының синоним емес екенін түсіндіруге тырысты.

– Гендерлік бюджеттеу дегеніміз – ерлер үшін бір бөлек, әйелдер үшін бір бөлек бюджет деген сөз емес, – деді коммунист. – Бұл әр азаматтың қажеттілігін ескеру. Ол аталған аймақтағы жыныстық қажеттіліктердің, жағдайға қатысты басқа да қажеттіліктердің есебі. Әйелдердің, ерлердің саны қанша, олардың жасы нешеде, өндіріске, қызмет көрсету саласына қанша адам керек және т.б. сұрақтарды қамтуы керек.

И.Смирнова мектептерде спорт секцияларының ашылуын мысал ретінде келтірді.

– Мұнда көптеген сұрақтар қамтылады. Оны зерделеп, енгізу керек, – деді ол.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.