Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019 14:16

РЕФОРМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ КӨҢІЛ КӨШІТПЕЙДІ

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» отандық білім беру жүйесінің сапасын арттыру керек деп есептейді. Себебі халықаралық зерттеулердің нәтижелері жүргізіліп жатқан реформалардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚКХП депутаты PISA халықаралық зерттеу бағдарламасының былтырғы нәтижелеріне тоқталды. Өкінішке қарай, Қазақстанның нәтижесі көңіл көншітпейді. Қазақстан 77 мемлекеттің ішінен 69-шы орынды иеленді. Біз тек Грузия, Панама, Индонезия, Марокко, Ливан, Косово, Доминикан Республикасы және Филиппинді басып оздық. Рейтингтің көшін Қытай, Сингапур, Эстония, Канада және Финляндия бастап тұр. Посткеңестік республикалардың біразы, яғни Ресей, Литва, Латвия, Беларусь, Украина және Молдова бізден әлдеқайда алда тұр.

39 елдегі 16-65 жас аралығындағы адамдардың дағдыларын зерттейтін PIAAC халықаралық мониторингінің нәтижелері де белгілі болды. Оқу сауаттылығы бойынша Қазақстан 39 елдің ішінде 34-ші орынға ие. Бұл ертте, 55-65 жас аралығындағы адамдар 16-24 жас аралығындағы жастарға қарағанда жақсы нәтиже көрсеткен.

– Ал Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің жастары аға буынға қарағанда анағұрлым жақсы нәтижелер көрсетуде, – деп нақтылады депутат.

Ирина Смирнова PISA-ның 2012 және 2018 жылдардағы нәтижесін салыстырып көрді. Анау айтқандай айырмашылық жоқ.

– Яғни көрсетілген мерзім ішінде білім сапасы еш жоғарыламаған. Бұл аралықта, яғни 10 жылдан астам уақыт дересінде студенттер жаңа оқулықтарды, жаңа бағдарламаларды оқыды. Мұғалімдер білім берудің жаңа тәсілдері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соның өзінде нәтиже еш өзгермеген. Жалпы, 16-34 жастағы буын неліктен 55-65 жастағы азаматтарға қарағанда нашар нәтиже көрсетуде? Бұл сауал Білім және ғылым министрлігіндегілерді ойландыруға тиіс, – деді депутат.

Осыған орай «Халық коммунистері» Қаржы министрлігіне және Ұлттық экономика министрлігіне мұғалімнің жалақысын есептейтін тәсілдерді қайта қарастыру керектігін ұсынды. Жалақының жаңа бастаған мұғалім үшін орташа республикалық деңгейден кем болмауын қамтамасыз ету қажет деп есептейді. Одан кейін біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты ұлғайта беруге болады.

– Білім сапасы мұғалімнің дайындығы мен біліктілігіне, оның жоғары деңгейіне тікелей байланысты, – деді Ирина Смирнова.

Сонымен қатар, бюджеттік шығындар да білім сапасына тікелей әсер етеді. PISA нәтижелері көрсеткендей, бір студенттің шығыны көбейген сайын білім сапасы да соғұрлым жоғарылайды. Сингапурде, Жапонияда, Финляндияда бір студенттің мемлекеттік шығыны 10-14 мың долларды құрайды. Қазақстанда бір адамды қаржыландыру көлемі жылына 230 мың теңгені құрайды. Ол ақшаның қайда кетіп жатқаны да маңызды мәселе. Өйткені Қазақстан, Украина және Молдова білім беру саласына бірдей көлемде шығын шығарып отыр. Алайда білім нәтижесі жер мен көктей.

– Білім беруге бөлінген қаражатты тиімді пайдалану туралы ойлану керек, – деді депутат.

Сонымен қатар «Халық коммунистері» ҚР Білім және ғылым министрлігін қатемен жұмыс істеуге шақырды.

– Білім және ғылым министрлігінің студенттер арасындағы зерттеудің электронды түрде жүргізгенін, сол себепті жақсы нәтиже көрсете алмағынын айтып, ақталуы ақылға сыймайды. Мысалы, Украина мониторингке алғаш рет қатысып, 77 елдің ішінен 39-шы орынды иеленді ғой, – деді халық қалаулысы.

Балаларымыз цифрлық технологияларды жетік меңгеруі үшін мектептердегі интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Бұл қала және ауыл мектептеріне ортақ пробелма екенін ұмытпаған абзал. Мектептен тыс және мектепке дейінгі білімді де жаңа деңгейге көтеру маңызды екенін естен шығармау керек. Мұның бәрі адамның алдағы өміріне ықпал етеді.

– Бізге қалыптасып отырған жағдайды жақсартуға бастайтын нақты қадамдарға объективті түрде талдауымыз керек», – деді коммунистер.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.