Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019 15:52

КӨПЖАҚТЫ КОНВЕНЦИЯ «КӨЛЕҢКЕЛІ» АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Көпжақты конвенцияны тәжірибеде қалай қолдануға болады? Бұл сұрақты «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары көтерді.

Мәжіліс өткен сәрсенбідегі жалпы отырыста салық базасын «құлдыраудан» алдын-алу және салық салудан кірісті алып тастау мақсатында салық келісімдеріне қатысты шараларды қолдану туралы көпжақты конвенцияны ратификациялады.

Дауыс беру процедурасынан бұрын ҚКХП депутаты Владислав Косарев қаржы министрі Әлихан Смайыловтан талқыланып жатқан құжат үкіметке дилерлермен және делдалдармен күресте көмектесе ме деп сұрады. Ол барлық саладағы, яғни ауыл шаруашылығынан жылжымайтын мүлік нарығына дейінгі салалардағы дилерлер мен делдалдарды меңзеген еді.

– Олар айына миллиондаған теңге алады және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ретінде салық төлейді. Бұл - қоғамның дерті! Біздің елде осы «инфекцияны» жеңу үшін үкіметтің аталған конвенцияны жүзеге асыруға күші жете ме? – деп сұрады депутат.

Әлихан Смайылов Көпжақты конвенция «көлеңкелі» экономиканы төмендетуге және республикалық бюджетке түсетін кірісті арттыруға бағытталған деп сендірді.

– Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. «Жарқын» экономиканың үлесі өсіп келе жатқанын және «көлеңкелі» экономиканың үлесі азайғанын  көрсететін мәліметтер бар. Бюджетке түсетін салық төлемдері өсіп келеді, – деді министр.

Биыл Қаржы министрлігі 1,3 трлн теңге түсім түседі деп күтіп отыр. Оның ішінде 840 миллиард теңге салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруден түспек.

– Яғни жосықсыз бизнес бюджетке көп ақша төлей бастады. Сонымен қатар, осы көпжақты конвенция біздің елде жұмыс істейтін бизнестің салық салудан жалтарып кетпеуіне кепілдік беруге бағытталған, – деді Әлихан Смайылов.   

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.