Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 12:27

ТАБИҒАТ ПЕН ТУРИЗМ – ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАРЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Халық коммунистері» шенеуніктерді  мәдениет саласын кейінге ысыруды доғарып, жас буынның тәрбиесімен түбегейлі айналысуға шақырды.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз алған ҚКХП өкілі Ирина Смирнова 2020 жылы Абайдың 175 жылдығы тойланатынын еске салды.

– Осы орайда Абайдың жас буын мен бала тәрбиесіне баса мән беру керектігін айтып өткенін естеріңізге салғым келеді. Бала тәрбиесі – бәріміздің міндетіміз. Бұл тек сынып жетекшісінің жұмысы ғана емес, қоғам болып, барлық мүмкіндікті осы іске жұмылдыруымыз керек», – деді халық қалаулысы.

Педагогиканың жілігін шағып, майын ішкен коммунист жастар арасындағы озбырлық пен түрлі тәуелділіктерді олардың көңілін көтеріп қана шешу мүмкін емес екенін айтты.

– Жас буынды мәдениетке баулудың маңызы зор. Ол үшін мемлекет не істей алады? Мысалы, мектеп және колледж шәкірттеріне театр мен музейлерге кірудің абоноенттік жүйесін жандандыруға болады. Театр мен музей қосымша білімнің ошағына айналуы керек. Мәдени ошақтардың базасында актерлік машық пен шешендік өнердің үйірмелерін ұйымдастырып жастарды неге биге баулымасқа», – деді депутат.

Ирина Смирнова бұл үшін әуелі Білім және ғылым министрінің оң ниеті болуы керек екенін алға тартты.

– Жоба қолға алынса, оның әсері болады. Бұл мектеп оқушылары мен колледж шәкірттеріне ғана емес, театр мен музей қызметкерлеріне де пайдалы, – деді ол.

Коммунист депутат кітапхананың тәрбиедегі рөлі де жөнді ескерілмей отыр деп санайды. Ол үшін кітапханаға жастарды тартудың тәсілін өзгертіп, кітап қорын заман талабына сай жаңарту қажет. Кітапхана ғимараттарын сапалы интернетпен жабдықтап, кітапханашылардың біліктілігін арттырудың маңызы зор екені де айтылды.

Депутат ішкі туризмді дамыту арқылы балалар арасында отансүйгіштікті нығайтуға болатынын баяндады.

– Кеңес заманындағыдай, балалар бүкіл Қазақстанды аралап шығуға мүмкіндік алуы керек. Мұндай шара әсіресе география, тарих пәндері бойынша білім алып жатқан педагогикалық оқу орындарының студенттеріне қажет. Қоғамдық іске белсенді араласып жүрген жастарға оқу гранттарын ұсынып, мемлекеттік қызметке тарту мемлекетке пайда әкелмесе, зиян келтірмейді, – деп түйді ойын Ирина Смирнова.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.