Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 09:09

ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

Оцените материал
(2 голосов)

Мәжілістегі «Үкімет сағатында» аудит және қаржылық бақылаудың сапасын жақсарту шаралары талқыланды. Жиында елдегі қаржылық заң бұзушылықтың саны азаймай отырғаны айтылды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік органдарды бағалау мен аудит жүргізудің жаңа жүйесін енгізу қарастырылған. Осы мақсатта заңнамалар жетілдірілді, әдістемелік база жасалды және мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жүргізілді. Жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін тағы не қажет? Мәжіліс депутаттары осы сұраққа жауап алуға тырысты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов халық қалаулыларына ағымдағы жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, төрт жыл ішінде Ұлттық комиссия 1,5 мыңнан астам мемлекеттік аудиторларды сертификаттаған. 54 ішкі аудит қызметі құрылған. Барлық мәселелер бойынша кешенді тексерулер нақты операциялардың аудитімен алмастырылды.

– Қашықтықтан тексеру әдістерін енгізу және дамыту аудит объектілерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, – деді вице-премьер.

Ә.Смайылов атап өткендей, заң бұзушылықтардың негізгі көлемі бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібімен (77%), басқа ағымдағы шығындарды жоспарлау және пайдалану кезінде бюджет қаражатын асыра қолдану (12%) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарумен (4%) байланысты.

– Тиісті министрлік бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін барлық негізгі процестерді автоматтандыруды қарастырады, – деді Әлихан Смайылов.

Үкіметтің жұмыс тәсілдері мәжілісмендер арасында бірқатар сауалдардың туындауына алып келді. Мәселен ҚКХП депутаты Ирина Смирнова ЭЫДҰ-ны мысалға келтіре отырып, «біздің оларды теңестіруге деген ұмтылысымыз гендерлік мәселені еске түсірді» деген ой айтты.

– Сіздер бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне қатысты аудит жүргізгенде олардың ерлер мен әйелдерге тигізетін зардаптарын қаперге аласыздар? Балаларға, үлкендерге деген салдары қандай? Осындай ізгілендірілген көрсеткіштер бар ма? Мұндай талдау жүргізілді ме? – деп сұрады коммунист.

Ә.Смайылов өзі басқаратын ведомствада мұндай жұмыстар жүргізілмейтінін ашық мойындады.

– Бірақ егер Парламент бізге тиісті бұйрық берсе, біз оны орындаймыз, – деп уәде етті министр.

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары бірқатар ұсыныс жасады.

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.