Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 16:19

ТЕМЕКІГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ҚАЖЕТ

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Халық коммунистері» фракциясы ел Үкіметін темекі індетіне тосқауыл қоюға шақырды және мұны жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін айтты. Өйткені қазірПарламент Мәжілісінің жұмыс тобы ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар жобасын қызу талқылап жатыр.

Пленарлық отырыста сөз алған ҚКХП депутаты Тұрғын Сыздықов атап өткендей, темекі індетін тежеуге болатын бірқатар маңызды нормалар бекітілген. Мәселен, темекінің жаңа түрлерін, яғни қыздырылатын және электронды темекіні кәдімгі шылыммен теңестіруге қол жеткізілді. Алайда бұл жеткіліксіз.

– Үкіметтің «сату нүктелерінде темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салу туралы» заң жобасында ұсынылған норма қызу пікірталас тудырды. Бұл ұстанымға темекі индустриясының өкілдері қарсы болды, – деді коммунист.

Мұндағы таңдау біреу-ақ: не өзіміздің денсаулығымызды сақтаймыз, не темекі саласының мүддесі үшін жұмыс істейміз. Коммунистер алғашқысын құп көреді.

– Біз азаматтық институттардың, сайлаушыларымыздың жазбаша, ауызша және веб-сайттардағы өтініштеріне құлақ асып, темекі лоббистерін шеттету туралы бастамасын қолдаймыз. «Темекі өнімдерін сауда нүктелерінде көрсетуге тыйым салу туралы» ереженің маңыздылығы айқын. Өйткені сауданың қозғаушы күші – жарнама, – деді Тұрғын Сыздықов.

Бүгінгі таңда адамдар, әсіресе жастар, агрессивті темекі жарнамасына бейім. Барлық сауда нүктелерінде аудагерлер өз өнімдерін кассалық машинаның қасында, баланың көз алдында ерекше көз тартарлық дизайнмен қояды.

– Тәуелсіз зерттеу Қазақстанда іс жүзінде мектеп аудандарында темекі өнімдерін сатуға ешқандай шектеу жоқ екенін растады. Бұл оқушылар арасында темекінің  қолжетімділігін қамтамасыз етеді, – деді мәжілісмен.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, бұл норманы енгізу елімізде, әсіресе кәмелетке толмағандар арасында темекі шегудің жалпы таралу деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Яғни, 6-дан 9000-ға дейін адамның өмірін сақтап, бес жыл ішінде 750 миллион теңгеге дейін қаржылық пайда әкеледі. GATS деректеріне сүйенсек, елдегі ересек тұрғындардың 84%-ы темекі жарнамасына толық тыйым салу туралы оң пікірді алға тартуда.

– «Халық коммунистері» фракциясы беделді халықаралық ұйымдардың танылған құқықтық актілерінің ережелеріне қайшы келетін темекі өнімдерін тарату үшін ерекше артықшылықты жағдайлар халықтың да, мемлекеттің де мүдделеріне жауап бермейді деп санайды, – деді депутат.

Халық қалаулылары Үкіметтің Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Денсаулық сақтау министрлігінің, азаматтық институттардың және Парламент депутаттарының себептерін назардан тыс қалдыра ма деп күмәнданады.

– Бұл мемлекеттік шенеуніктердің ұлт денсаулығына деген қызығушылығының жоғалуы ма әлде темекі зиянына мойынсұнуды білдіре ме?

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.