Жұма, 12 Сәуір 2019 12:15

Сіздерден көмек сұраймын. Жағдай өте ауыр!

Оцените материал
(0 голосов)

Астана. SOS!!!

Мүгедек-балаға шұғыл дәрі-дәрмек қажет. Дәрі-дәрмек қазір қажет !

 Ле-карнита 20%

 Кальций дол

 Пантогам сироп

 Невис Актив 50 мл

 Ибуфен Форте сироп

 Азитромицин 250 мг

 Аквадетрим

Кеше Бексейітовтар отбасымен таныстым. Жағдайлары өте ауыр.

Гүлшат – үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Астанада 10 жылдан астам уақыт тұрады. Гүлшаттың басындағы материалдық қиындық осыдан 3 жыл бұрын жұбайы жұмыста қайғылы қазаға ұшырағаннан кейін басталған.

Үлкен ұлы Нұрмұқан мүгедек болып қалған.  Ол отыра да, жүре де, өз-өзіне қызмет те көрсете алмайды. Оған «Дюшен G71.0 бұлшық ет дистрофиясы» деген диагноз қойылған.

Анасында емге қажетті қаржы тапшы. Емханаға барғаннан ешқандай нәтиже болмай жатыр. Мамандарды айлап күту керек, емхана тегін дәрі-дәрмекпен, тегін еммен қамтамасыз етпейді.

Нұрмұқан жиі талып қалады, жасанды демалу аппаратына қосылғандықтан, оның  жүрегі, тыныс алу жолдары сыр бере бастаған.

Баланы кешенді тексеруден өткізу қажет. Бұл үшін оған реанимобиль және кәсіби дәрігерлер бригадасы қажет. Баланың әлсіз сүйектері оны ауруханаға жеткізуге кедергі келтіріп тұр. Нұрмұқанның анасы бұл істі өз бетінше атқара алмайды.

Отбасыға, балаға қол ұшын созайық, қайғысын жеңілдетейік. Күн сайын баланың жағдайы нашарлап барады. Осыдан екі ай бұрын бала сол қолын қозғалта алатын болса, қазір бірнеше саусағын ғана қимылдатады.

Бүгінгі таңда отбасы мүгедектікке берілетін 120 мың теңгеге өмір сүріп отыр.

Бұл ақшаның 85 мыңы үй жалдауға жұмсалады. Баланың еміне қаржы қажет, баспана мәселесі де өзекті болып тұр.

Мүмкіндігі бар қайырымды жандар науқас балаға мультфильм көру үшін  интернетке қосылған телефон немесе планшет сыйласа жақсы болар еді.

Бұл – еркелік емес, қажеттілік. Бала үшін жалғыз ермек. Баланың әлемі бір бөлмемен шектелген. Денсаулығына байланысты Гүлшат баланы көшеге шығара алмайды. Сондықтан баланың көңілін ютубтан фильм көрсету арқылы ғана аулауға болады. Гүлшаттың ай сайын телефон бірлігін толтырып отыру мүмкіндігі жоқ.

Әрбір ана үшін баланың денсаулығы маңызды. Сіздерден Гүлшаттың арманын орындауға атсалысуларыңызды сұраймын.

Егер сіз осы отбасыға көмек көрсете алатын болсаңыз, Астанадағы «Шапағат» жобасының үйлестірушісі – Нұрдәулет Оразхановқа

 8 702 796 45 70 немесе менің 8 771 020 92 87 номеріме хабарласыңыз.

Материалдық көмекті біздің еріктіміздің Каспи 5169493119661760, MOLDIR BAZARBAY, ЖСН 940807450878 картасына Гүлшат Бексеиітоваға деген белгімен жолдауға болады.

ShapagApril192 7ShapagApril192 7ShapagApril192 7ShapagApril192 7ShapagApril192 7ShapagApril192 7ShapagApril192 7

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.