Бейсенбі, 28 Қараша 2019 11:50

«ШАПАҒАТ» ШАТТЫҚ СЫЙЛАЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті «Шапағат» халықтық жобасы аясында «Келешек» сәбилер бақшасына әлеуметтік көмек көрсетті.

Қараша туып, күн суытты. Алда қақаған қыс тұр. Ал тұрмысы төмен отбасылардың балаларының барлығы бірдей қысқы киім-кешекпен қамтылмаған.

«Келешек» сәбилер бақшасына әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары барады. Ата-аналар бақша қызметі үшін ақы төлемейді.

Коммунистер аталған балабақшаға көмектесуді жөн көрді және балабақша басшылығымен киім-кешекті тікелей жеткізу туралы келісімге келді. 

«Көптеген ата-аналар жергілікті «Шапағат» жобасының пунктіне келуге қысылады. Сондай-ақ олардың дені алыста тұрады. Ал көп жағдайда жолға төлейтін артық ақша бола бермейді. Сондықтан біз заттарды өзіміз жеткізіп береміз. Бақша әкімшілігі бізді қолдады. Сол үшін оларға алғыс айтамыз. Тәрбиешілер мен күтушілер киім-кешекті таңдап алады. Сондай-ақ біз ата-аналарға да жылы киім дайындап қойдық. Олар киімдерді  балаларына келгенде алып кете алады», – деді Түркістан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерахан Ахмет. 

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.