Бейсенбі, 28 Қараша 2019 13:09

«ШАПАҒАТ» КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП бастамасымен қолға алынған «Шапағат» халықтық жобасы халықтық әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған.

Өкінішке қарай, азаматтардың мұндай санатына біздің елде көпбалалы отбасылар да жатады.

ҚКХП Атырау облыстық комитеті жанындағы «Шапағат» бөліміне көпбалалы екі ана келді. Олар – жеті бала тәрбиелеп отырған Рафия

Гильмутдинова және сегіз бала өсіріп отырған Сәуле Әбілқайырова.

Көпбалалы аналарға киім-кешек берілді. Олар өздеріне және балаларына қажетті киімдерді таңдап алды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев аналармен тілдесіп, қандай көмек керек екенін сұрады. Сондай-ақ облыстық комитет балалар үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұратынын айтты. Коммунистер балаларға жаңа жылдық сыйлықтар беріп, мұз айдындары мен жабық бассейндерге, театрлық қойылымдар мен циркке және музейге тегін апармақшы.

Көпбалалы аналар облыстық комитет «Біз мектепке барамыз» атты акция ұйымдастыратынынан өқұлақдар болды. Аталған акция аясында мектеп оқушыларына тегін мектеп формасы, спорт киімі, оқу құралдары беріледі. Сонымен қатар коммунистер Халықаралық балаларды қорғау күнінде сыйлық үлестіреді.

Көпбалалы аналар коммунистерге байланыс телефондарын қалдырды. Енді партия өкілдері бұл отбасыларға мүмкіндігінше қол ұшын созып отырады.

ҚКХП Атырау облыстық комитеті

AtirShapagat 2AtirShapagat 2

Мы в Instagram

Мы в Facebook

Please publish modules in offcanvas position.