ПАРТИЯ ТУРАЛЫ

“ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОЦИАЛИЗМ ЖӘНЕ КОММУНИЗМ ИДЕЯЛАРЫН ҰСТАНУШЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ.

ҚКХП ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ПЕН САЯСИ ТЕҢДІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ҰМТЫЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ МҰҚТАЖДЫҚ ПЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БІЛДІРІП ҚОРҒАУ ҮШІН ЖҰМЫСШЫ ҚАУЫМ, ЖҰМЫССЫЗДАР, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ОЛАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫНА, МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨКІЛЕТТІ ӘРІ АТҚАРУШЫ БИЛІКТЕРІНІҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСУАРҚЫЛЫ САЯСИ ТАҢДАУЛАРЫН БІЛДІРЕДІ.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ – ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН ҒЫЛЫМИ СОЦИАЛИЗМ НЕГІЗІНДЕ ШЫНАЙЫ ХАЛЫҚТЫҚ БИЛІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІККЕ, РУХАНИЯТ, ЕРКІНДІК ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА БАҒЫТ АЛУ. АЛ ОСЫНДАЙ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА ТОЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ БАР, ҚАБІЛЕТТЕРІН АШУ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ӨТЕУ ҮШІН КЕҢ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР АДАМ БОЛУЫ КЕРЕК.

ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІН ТАБУ КЕРЕК:

САЯСИ БАҒЫТТА – ДЕМОКРАТИЗАЦИЯ ҮШІН КҮРЕСУ, ДЕМОКРАТИЯЛЫК САЙЛАУ АРҚЫЛЫ БИЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ, СОЦИАЛИЗМДІ ҚҰРУ – ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ЖАСАУ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЫНАЙЫ ХАЛЫҚТЫҚ БИЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. АДАМДЫ ЭКСПЛУАТАЦИЯ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРМЕЙТІН МҮЛІК ИЕЛЕНУДІҢ ФОРМАЛАРЫН, МОЙЫНДАУ, АТАП АЙТСАҚ: МЕМЛЕКЕТТІК, ҰЖЫМДЫҚ, ЖЕКЕ МЕНШІК, АКЦИОНЕРЛІК ЖӘНЕ КООПЕРАТИВТІК;

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТА – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ШИКІЗАТТЫҚ БАҒЫТТАН АРЫЛУ,АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ, ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ;
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА – ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛҒАЙТУ;

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА – РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН БАЙЛАНЫСТАРЫН ҚОЛДАУ, ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУ, КЕҢ КӨЛЕМДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ.

ПАРТИЯ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ «САЯСИ ПАРТИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІ АКТІЛЕРІНЕ САЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ.

ҚКХП ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДЕМОКРАТИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК, ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА БАРЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҰЙЫМДАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ӘРДАЙЫМ ДАЙЫН. ПАРТИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ САЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРҒА ТҮСЕ АЛАДЫ.

ҚОҢЫРОВ АЙКЫН
ОЙРАТҰЛЫ

Қазақстан коммунистік халық партиясының сайтына қош келдіңіздер!
Біздің сайттан сіз партияның қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты, біздің мақсаттарымыз бен жобаларымыз туралы көбірек біліп, сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарындағы комитеттерімен байланыса аласыз.

Қазақстан коммунистік халық партиясы өркендеген Қазақстанды құру жолында барлық демократиялық, патриоттық партиялар мен қозғалыстарды, әрі мемлекеттік емес ұйымдарды дамушы күш ретінде одақтас көреді.
Біз бүгінде Қазақстанның егемендігі, оның мемлекеттік мүдделерін қорғау және елдің қарқынды дамуына бағытталған демократиялық өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік жаңаруы, демократия мен өзін-өзі басқарудың барлық деңгейлері социализм үшін күресуімен үйлесетініне сенімдіміз.

Қазақстан коммунистері әр адамның көзқарасын құрметтейді және өздерінің көзқарастарына мәжбүрлемейді. Егер сіз біздің партияның мүшесі болғыңыз келсе, біздің сайттың әр парағында «Партияға кіру» батырмасы бар әрі қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік беретін кері байланыс жүйесі жұмыс істейді.

Егер сіз Қазақстанның патриоты болып, ел тағдырына немқұрайлы қарамасаңыз, әлеуметтік әділетсіздікті көріп, одан зардап шеккен адамдарға көмектесуге, өз өміріңіздің бір бөлігін отандастарыңыздың қоғамдық және әлеуметтік мәселелерін шешуге дайын болсаңыз, мемлекеттік мәселелерді шешуге деген көзқарасыңызбен бөліскіңіз келсе, онда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қатарына қош келдіңіз!

Құрметпен,

ҚОҢЫРОВ АЙҚЫН
ОЙРАТҰЛЫ

ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы, Халық коммунистері фракциясының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

САРАПТАМА

“ШАПАҒАТ” ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Бүгінде ҚКХП-ның «Шапағат» әлеуметтік жобасы Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық және еріктілер қозғалысына айналды.

«Шапағат» жобасының арқасында мыңдаған отбасыларға материалдық және құқықтық көмек көрсетіледі.
Жобаның жұмысы барысында қайырымдылық пен көмекке мұқтаж жандар азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары және формамен қамтамасыз етіледі.

Қатарымызға қош келдіңіз!
Бастапқы жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз. Бұл көп уақытты қажет етпейді.
Қосымша нұсқаулар беру үшін сізбен байланысады. Рахмет!

Жоғарыдағы берілген жеке мәліметтерімді өңдеуге келісемімді беремін.